Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мағжан Жұмабаев ауданының дәрігері республикалық байқауда «Үздік ауыл дәрігері» номинациясын жеңіп алды

Мағжан Жұмабаев ауданының дәрігері республикалық байқауда «Үздік ауыл дәрігері» номинациясын жеңіп алды

Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Денсаулық сақтауминистрлігінде медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында өткен біріншіреспубликалық «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттаурәсімі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Министр Ақмарал Әлназарова атап өткендей, «Үздік маман» республикалық байқауының жеңімпаздары – ең лайықты дәрігерлер, ғалымдар, фармацевтер, медбикелер, менеджерлер және осы саланың дамуына елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар марапатқа ие болды.

Республика дәрігерлерін марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. «Үздік ауыл дәрігері» аталымы бойынша Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Гандалеев Сүлейман Керімұлы жеңімпаз атанды.

Сүлейман Керімұлы 1996 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. Қарақоға ауылында қызмет ететін дәрігер әріптестері мен емделушілер арасында үлкен құрметке ие.

Тәжірибелі дәрігер өзіне және айналасындағыларға талаптылық танытып, ауданныңқоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. 2021 жылы Сүлейман Гандалеев «Шапағат» медалімен марапатталды.

Shares