Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданында кәмелетке толмаған бес баланың құқығы қорғалды

Мамлют ауданында кәмелетке толмаған бес баланың құқығы қорғалды

«АМАНАТ» партиясы Мамлют ауданындағы филиалының мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, мектеп директорлары, қоғам қайраткерлері қатысты. Олар азаматтың кәмелетке толмаған 2 баласына қатысты ата-ана құқықтарын тиісінше жүзеге асырмау туралы өтінішін қарады.

Сонымен қатар, отырыста кәмелетке толмаған 3 балаға қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін азаматты ата-ана құқығынан айыру туралы өтініші қаралды.

 

Shares