Петропавлда «Дебют» облыстық жас мұғалімдер байқауы өтуде
November 18, 2024 19:00

Солтүстік Қазақстан облысынан жас мұғалімдерге арналған «Дебют» байқауының облыстық кезеңіне 41 мұғалім қатысуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жас педагогтар мектепке дейінгі білім беру, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша ашық сабақтар өткізуде.

Байқау облыс орталығындағы 4 білім беру мекемесінің базасында, атап айтқанда, А. Байтұрсынов атындағы №9 орта мектепте, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында, I«Балдәурен» бөбекжай-балабақшасында және М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде.

«Дебют» байқауының қорытындысы бойынша екінші турға өткен жас мамандар 29 қарашада жобаларын қорғайды.
