Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда 113 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауының ақтық кезеңіне өту үшін бақтарын сынауда

Петропавлда 113 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауының ақтық кезеңіне өту үшін бақтарын сынауда

Петропавлда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Зияткерлік сайыс Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп- гимназиясында және НЗМ ұйымдастырылды.

«Бірінші кезең қараша айында өткізілді. Онда балалар өздерінің ылыми жобаларын ұсынды. Қатысушылар ғылымның түрлі салаларында шығармашылық қабілеттерін, терең білімдерін көрсете отырып, өз жұмыстарын ынтамен қорғады. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орындарды иеленген барлық жеңімпаздар тестілеуге жіберілді, бұлар 12 аудан, Петропавл қаласы, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары мен 8-11 сыныптардың 113 оқушысы. Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі», – дейді «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бақыт Ғабдуллина.

Менің жобам теңдеулерді шешу жүйесі туралы. Мен балалардың материалды меңгеруін жеңілдету үшін әдістерді әзірледім, себебі қазіргі уақытта бұл тақырып бойынша зерттеулер аз. 10-сыныпта ҰБТ-ға дайындалып, математика мен физиканы таңдадым. Маған кейбір тапсырмаларды шешу қиын болды, содан кейін жетекшіме жүгіндім. Ол маған басында көмектесті, содан кейін мен өз тапсырмаларымды жаза бастадым. Математика мұғалімі болғым келеді, екінші жоғары білім алғым келеді немесе магистратураға түскім келеді. Репетитор болып қосымша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын, мүмкін болса өз курстарымды ашамын», – дейді Кристина Ялымова.

Өткен жылы ғылыми жоба байқауының республикалық кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының командасы құрметті үшінші орынды иеленді.

Shares