Петропавлда “Балалар үміті” қайырымдылық қоры үш жас қазақстандыққа емделуге және оңалтудан өтуге ақша жинад
“Балалар үміті” қоғамдық қайырымдылық қоры 2023 жылдың ақпан айынан бастап ерекше қазақстандықтарға көмек көрсетіп келеді. Жәрдем еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі, соның ішінде СҚО-дағы балаларға да беріледі. Мысалы, қор үш балаға қаржылай көмек көрсетті, қазір төртінші балаға қаражат жиналып жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Амина Құдабайға көмек көрсетілді, оңалтуға 1 млн теңге жиналды. Маша Истоминаға 1,3 млн теңге жиналды. Ал көкшетаулық Евгений Висловқа 500 мың ақша жиналды. Ол спастикалық церебральды сал ауруына және онымен байланысты өзге ауруларға шалдыққан. Қазір Степногорск қаласында тұратын Анита Курдюкова үшін қаражат жиналып жатып, егер мен қателеспесем, онда сома 1 млн теңгеден сәл асады. Оған этиологиясы анықталмаған аутоиммунды энцефалит диагнозы қойылған”, – деді “Балалар үміті” қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Ольга Орлова.
Қаражат жинау жария түрде өтеді. Қордың 10-ға жуық азаматтық белсендісі бар. Балалар қаражат жинау үшін арнайы ыдыстарды алып, адамдар көп жиналатын орындарға шығады. Әр белсендінің өзімен бірге өз қызметін заңды бұзбай жүзеге асырып жатқандығын растайтын құжаттары бар.
“Әртүрлі жағдайлар болады, адамдар біздің белсенділерімізге дөрекілік танытады, тіпті мән-жайлар анықталғанға дейін олар полиция ғимаратында отырған күндер де болды. Сауда үйлерімен біздің қарым-қатынасымыз әртүрлі, жағдайды түсінетіндер бар, қарама-қарсы жайттар да орын алады. Бізде белсенділер 14 жастан бастап жұмыс істей алады, олардың еңбегіне сағаттық жалақы төленеді. Кадр тұрақсыздығы байқалады, қазір бізде 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Мен ерекше балалары бар отбасылар жәрдемақы алатынын білемін, бірақ олардың мөлшері аз, мемлекет қажет адамдарға көбірек көмектескенін қалаймын”, – деді Ольга Орлова.