Петропавлда балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи тәсілдер талқыланды
Петропавлда «Қарапайым сөздермен тәрбиелеу бағыты» атты ата-аналар іс-шарасы өтті.Жалпы аталған іс-шара 50-ден астам адамның басын бір арнаға тоғыстырды. Олардыңқатарында ата-аналар, педогогтар, психологтар мен дәрігерлер бар. Жиын барысындабілікті мамандар өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліссе, ата-аналар толғандырғансұрақтарын қойып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шарада арнайы қатысқан «AMANAT» партиясының хатшысы, партия жанындағыӘйелдер қанатының төрайымы Шолпан Қаринова сөз сөйлеп, балаларды тәрбиелеуинститутының негізі отбасы екенін атап өтті.
«Биылдан бастап партия мен оның Әйелдер қанаты «Балаңа уақыт арна!» жобасын іскеқосты. Ол отбасы институтын нығайту және оның қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындақолға алынған. Себебі қазіргі кезде көптеген ата-аналар жұмыспен жүріп балаларға аз уақыт бөледі. Соңғы уақытта балалар арасында ұрыс-керістер, буллинг пен суицид көбейгені рас. Бұған партия бей-жай қарай алмай, мәселеге терең үңілді. Біздің бастыміндеттеріміздің бірі – балаларды отбасы арқылы тәрбиелеу, балаларға қолайлы орта құру», – деп атап өтті Шолпан Қаринова.
Жиын барысында «Qazyna» бастауыш мектебінің жетекшісі, «AMANAT» партиясыныңСҚОФ жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі кеңесшісіӘсел Есжанова балаларды мектепке дайындау және ата-аналар мен балалар арасындағыбайланыс орнату тақырыбында баяндама жасады, Назарбаев Зияткерлік мектебініңдиректоры Данияр Уәлиев, «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының директоры МадинаДарбаева және «NewLife Diagnostic» медициналық орталығының жетекшісі Вера Аладинская да сөз сөйледі. Олар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі тәсілдері, білімберу процесіндегі инновациялық әдістемелердің маңызы, сондай-ақ ерте жастанденсаулықты сақтау мен дұрыс тамақтанудың рөлі туралы мәселелерді көтерді.