Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда дүкен жарнамасының тақтайшасы өртке себеп бола жаздады

Петропавлда дүкен жарнамасының тақтайшасы өртке себеп бола жаздады

Облыс орталығында «Жихаз» көше жарнамасының тақтайшасында сымдарында қысқа тұйықталу орын алды. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт жайылған жоқ, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Электр қондырғылары мен жабдықтарындағы ақаулар өртке әкелуі мүмкін. Жарнамалық белгілер мен басқа да электр құрылғыларының жағдайын қадағалаңыздар», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Shares