Петропавлда мектепте төбеден сылақ құлап, үш оқушы ауруханаға түсті
4 желтоқсан сағ. 17:20 мин. облыс орталығындағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте сыныптардың бірінде 2 шаршы метр аумақта төбедегі сылақ құлаған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Салдарынан 3 бала зардап шекті (оның ішінде 12 жаста – екі бала және біреуі 13 жаста). Олар облыстық балалар ауруханасына бақылау үшін жатқызылды. Комиссия құрылады, оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік қауіпсіздік инспекциясы, білім, құрылыс, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар кіреді», – делінген білім басқармасының хабарламасында.