Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда мемлекеттік қызметшілер 9 айды қорытындылады

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер 9 айды қорытындылады

Оқушылар сарайында өткен жиында Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі талқыланды. Шараға облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, облыс аудандары әкімдері аппараттарының басшылары қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Жиында биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Біз мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамы, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін талқыладық. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелерін қозғадық, сыйлықақы беру, демалыс беру мәселелеріне тоқталдық. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға олардың жұмысын жақсартуға көмектесетін ұсыныстар енгізіледі», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Баймұқанов.

Биыл 800-ден астам бұзушылықтар мемлекеттік қызмет көрсету саласында анықталды. Мұндай олқылықтар  Петропавл қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде де тіркелді. Мұнда көбінесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылған. Заңды айналып өтіп, оларды беру мерзімі 200 еседен астам ауыстырылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметкерлердің қызмет  көрсету жылдамдығын қадағалап қана қоймай, қызметтердің сапалы ұсынылуын да назарға алады.

«2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 27 өтініші қаралды. 8 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Сұрақтардың көпшілігі жер қатынастары саласында туындады. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік заңнаманы бұзудың 10 фактісі анықталды.  9 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік бақылау әдістерінің бірі. Қызметтері ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы қашықтан бақылау болып табылады Бұл салада 1521 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде Петропавл қаласының Мансап орталығында 1070 заңбұзушылық анықталды», – деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Болат Еңсегенов.

 

 

Shares