Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда жас жігіт облыстық балалар ауруханасында науқасты ұрып, әйнекті сындырып, дәрігерге соққы жасаған

Петропавлда жас жігіт облыстық балалар ауруханасында науқасты ұрып, әйнекті сындырып, дәрігерге соққы жасаған

Науқасты ұрған, дәрігерге соққы жасаған, әйнекті сындырған және тапаншамен өлтіремін деп қорқытқан. 2023 жылдың 23 қазаны Петропавлдағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қызметкерлері мен емделушілерінің есінде ұзақ сақталады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2023 жылдың 23 қазанында 11:30-да облыстық балалар ауруханасындағы науқастардың біріне 17-18 жас шамасындағы үш жігіт келген. Тіркеу пунктіне тіркелместен олар бірден өздеріне керекті палатаға бет алған.

Аурухана қызметкерлері оларды тоқтатуға тырысқан, бірақ бұзақылар әдепсіз сөздермен жауап берген. Межелі жерге жеткен олар 15 жасар қызды бөлмеден шығарып алады. Жасөспірімдердің бірі оның басынан ұра бастады, – дейді облыстық көпсалалы аурухананың директоры. Мұны көрген дәрігерлердің бірі қызға көмекке келген, дәл сол сәтте маман ішінен балдақпен соққы алыпты.

«Осыдан кейін жас жігіт қалтасынан тапанша шығарып, аурухана қызметкерлерін қорқытқан және қорлай бастаған. Артынша қашады. Бірінші қабатқа түскенде есіктің әйнегін зақымдаған. Кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Осыдан кейін бірден полицияға хабарластық», – дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, қыз бен зардап шеккен дәрігердің көңіл-күйі құлазыңқы, қазір қажетті көмек көрсетілуде.

Shares