Петропавлдағы НЗМ 5 студенті тоғызқұмалақ бойынша желілік спартакиадаға қатысуда
Еліміздің барлық НЗМ мектептерінде тоғызқұмалақтан желілік спартакиада басталды. Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары дәстүрлі түрде осы ауқымды іс-шараға белсенді қатысып, өздерінің спорттық дағдылары мен табандылығын көрсетуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Биыл мектеп намысын талантты оқушылар: Данияр Тілепберген, Жібек Нағашыбаева, Ерасыл Кейкі және Гүлбахрам Нұрлан қорғайды. Спартакиада 7 турдан тұрады, онда қатысушылар түрлі мектептердегі қарсыластарымен кездесіп, өз шеберліктерін көрсетеді”, – деп хабарлады Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.
Виртуалды кездесулер 8 қарашаға дейін өтеді және олардың қорытындысы бойынша барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік тоғызқұмалақ ойыншылары анықталады. Қатысушыларды тартысты кездесулер күтіп тұр, ал мектеп пен мұғалімдер біздің спортшыларымыздың тамаша нәтижелерін асыға күтеді.