Петропавлдық өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, екі газ баллонын шығарды
Облыс орталығында Казахстанская правда көшесі бойындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, жанып жатқан үйден 1951 жылы туған ер адам құтқарылды. Сондай-ақ өрт сөндіру барысында екі газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, оны медициналық мекемеге жатқызды. Өрт 50 шаршы метр алаңды шарпыды.