Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдық өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, екі газ баллонын шығарды

Петропавлдық өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, екі газ баллонын шығарды

October 31, 2024 11:56

Облыс орталығында Казахстанская правда көшесі бойындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, жанып жатқан үйден 1951 жылы туған ер адам құтқарылды. Сондай-ақ өрт сөндіру барысында екі газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, оны медициналық мекемеге жатқызды. Өрт 50 шаршы метр алаңды шарпыды.

Shares