«Полудинское» ЖШС сүт кешенін кеңейтуде: өңірдегі мал шаруашылығының болашағына салынған инвестиция
М.Жұмабаев ауданына қарасты Полудино ауылында 2021 жылы іске қосылған «Полудинское» ЖШС-нің сүт кешені қарқынды дамып келеді. Ірі қара малға арналған 400 басқа есептелген бұл ауқымды жоба шаруашылықтың 3 миллиард теңге көлеміндегі жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды QZ News.
Жоғары өнімді табынды қалыптастыру үшін Еуропадан симменталь және голштино-фриз тұқымды 337 бас аналық мал әкелінген. Кешен аумағында екі заманауи сиыр қорасы, сауу залы, бұзаулау бөлімі және төл қора салынған. Әсіресе технологияға ерекше назар аударылған: кешенге әйгілі «De Laval» компаниясының 40 басқа арналған «Карусель» типті сауу залы орнатылған.
«Полудинское» ЖШС қол жеткізген жетістіктерімен шектелмейді. Шаруашылық аналық мал басын 1000-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта тағы үш сиыр қорасының құрылысы көзделген. Қазіргі уақытта 300 басқа арналған сиыр қорасының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ екі дана сүрлем шұңқырының құрылысы аяқталып, өсіп келе жатқан табын үшін сенімді жем-шөп базасы қамтамасыз етілмек.
Жобаның жүзеге асуы ауданда 10 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Кешенді кеңейту – жаңа жұмыс орындарын ашуға және агроөнеркәсіптік сектордың одан әрі нығаюына жол ашады.