Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қарағанды облысының құтқарушылары Қызылжар ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда

Қарағанды облысының құтқарушылары Қызылжар ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда

Қарағанды облысынан келген құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Долматово және Вагулино ауылдарында су тасқыны салдарын жоюға жұмылдырылды, деп хабарлайды QZ News.

Олар жағалау сызықтары мен қорғаныс құрылыстарын белсенді түрде бекітіп, инертті материалдары бар қаптарды дайындап, тұрғын үйлердің су астында қалуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Қызылжар ауданының Долматово ауылында ТЖМ құтқарушыларының күшімен Есіл өзенінің тасқын суының елді мекенге қауіп төндіру деңгейі төмендетілген.

«Жұмысқа 172 адам – құтқарушылар, ІІМ қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды. 22 бірлік инженерлік техника жұмылдырылды. Жұмыс басталғалы бері 29 000-нан астам қап инертті материалмен толтырылып, 3600 метрлік дамба тұрғызылды. Жұмыстарды ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізіп жатырмыз», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Shares