Қарашаның басынан бастап Петропавлда үш жүзден астам адам жарақат алу пунктіне жүгінген
Қараша солтүстікқазақстандықтарды ауа райының құбылмалылығымен таң қалдырады. Қар, жаңбыр және температураның өзгеруі аймақ тұрғындарына көптеген қолайсыздықтар туғызды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Соңғы 10 күнде көшедегі көктайғаққа байланысты көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жарақат алу пунктіне 166 адам жүгінді. Ал айдың басынан – 364 адам.
Жүгінудің негізгі себептері – әртүрлі дәрежедегі көгерулер, сынықтар, созылулар.
Медициналық мекемеде атап өткендей, 26 адам ауруханаға жатқызылды. Егер жас санаты туралы айтатын болсақ, онда негізінен 30-39 жас аралығындағы тұрғындар – 89 жағдай, 40-49 жас аралығындағы – 69 жағдай, 60-69 жас аралығындағылар арасында – 75 жүгіну.