Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Қазақстан халқына” қоры Қозыбаев университетіне 10 грант бөлді

“Қазақстан халқына” қоры Қозыбаев университетіне 10 грант бөлді

“Қазақстан халқына” ҚҚ 2024-2025 оқу жылында күндізгі оқу бөліміне бакалавриатқа түсетін ҚР жоғары оқу орындарының талапкерлері үшін 850 грант бөлді. Олардың барлығы еліміздің жоғары оқу орындары арасында бөлінген. 10 грантты “Қазақстан халқына” қоры Қозыбаев университетіне бөлді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Гранттарды халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары пайдалана алады. Бұл – ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан және шағын қалалардан шыққан балалар, жетім қалған балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар жандар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары, 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жарақат алған балалар. Өтініш берушілердің жасы 29 жастан аспауы керек”,- делінген Қозыбаев университетінің хабарламасында.

Талапкерлерден өтінімдерді қабылдау университеттің қабылдау комиссиясында 1- 17 тамыз аралығында өтеді. Қордың сайтында “Қазақстан халқына” білім беру гранты иегерлерінің тізімін орналастыру 11 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Shares