Қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары Қызылжар ауданында жалғасуда
Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды QZ News.
ҚР ТЖМ-нің 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері күшімен 260 метр полипропилен жапқыштар төселіп, 1600 қап инертті материалдармен толтырылды.
«Су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Барлық қызметтер халық пен инфрақұрылымды қорғау үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.