Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қос университеттің өкілдері қос қаланың оқушыларымен кездесті

Қос университеттің өкілдері қос қаланың оқушыларымен кездесті

Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің ұжымы кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен Астана және Алматы қалаларында болды. 9 халықаралық мектепті, НЗМ және гимназияларды аралады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Барлығы 600-ден астам адам Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламалары, оқуға түсу мүмкіндіктері, оқу шарттары және студенттердің жатақханаларда тұру жағдайлары туралы ақпарат алды.

“Кәсіптік бағдар беру пұлына Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Рената Апергенова, Қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова, Аризона университетінің профессорлары мен қызметкерлері Саманта Орчард, Тони Спаркс, Дайана Дейли, Кейтлин Мараджи кірді. Мектеп оқушылары қазақстандық және американдық 2 диплом алу мүмкіндігінің бар екенін біліп, қызығушылық танытты. Сонымен қатар, гранттар бойынша оқыту толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі”,- делінген Қозыбаев университеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares