Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінің 15 студенті қосымша грантқа ие болды

Қозыбаев университетінің 15 студенті қосымша грантқа ие болды

Қозыбаев университеті тарих, экономика және құқық факультетінің талапкерлері Freedom bank гранттарының иегерлері атанды. Білім алушыларды филиал директоры Әділет Бекішев құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Әділет Бекішевтің айтуынша, биыл олар бұл жобаны алғаш рет іске қосып, Қазақстан түлектеріне 475 грант бөлді. Петропавлда 24 өтінім берілді. Тек 15 студент қана грантқа ие болды.

Байқау жеңімпаздарының бірі – Виктория Бурьяновская. Ол – Жамбыл ауданының Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі.

“Өзім заңгер мамандығына оқуға түстім. Менің ойымша бұл перспективалы мамандықтардың бірі. Байқау туралы біліп, бірден өтініш бердім. Грант иегері болғаныма өте қуаныштымын”, – деді Виктория.

Shares