Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінің жатақханалары оқу жылына дайын

Қозыбаев университетінің жатақханалары оқу жылына дайын

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қозыбаев университетінің басшылығы студенттік жатақханалардың дайындығына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, мамандар инфрақұрылымның қолжетімділігімен, үй-жайлардың тұрмыстық-техникалық жай-күйімен, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуымен танысты. Бүгінгі таңда университетте 1365 орындық 4 жатақхана жұмыс істейді.

Студенттер үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, әр қабатында Wi-Fi аймақтары мен мәдени-тынығу бөлмелері бар. Қазіргі уақытта 306 орындық жатақхананы тапсыру рәсімі жүзеге асырылуда, онда бөлмелерді жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрмыстық техника, төсек-орын, жиһаз және ас үй жабдықтары сатып алынады.

24 пәтер шақырылған ғалымдар мен профессорларға арналған. Айта кетейік, университетте 1200 орындық жаңа жатақханалардың құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында Қозыбаев университеті жатақханаларда 2700-ден астам орынға ие болады, бұл жатақхана қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Shares