ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат ШАРЛАПАЕВ Петропавлдағы “Бірлік” шағын ауданында болды
Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арналған “Бірлік” шағын ауданындағы үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Құрылыс “Kaspi”, “Kazakhmys” және “KAZMinerals management” компанияларының қаражатына жүргізілуде. “Бірлік” жаңа шағын ауданында 200-ге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Министр 1 қазанға дейін 700 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын айтты.
Облыс орталығында өнеркәсіп және құрылыс министрі 29 көпқабатты үй салынатын “Қопай” шағын ауданында да болып, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев “Былғары зауыты” шағын ауданына барды, мұнда механикаландырылған бригадалардың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.