Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қытайдың, КХР-дың және Еуропаның инвесторлары өз зауыттарын “Qyzyljar” АЭА аумағында орналастыруға мүдделі

Қытайдың, КХР-дың және Еуропаның инвесторлары өз зауыттарын “Qyzyljar” АЭА аумағында орналастыруға мүдделі

“Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы отандық кәсіпкерлерді ғана емес, шетелдіктерді де қызықтыратын орынға айналды. 2024 жылы оның аумағында шетелдік инвесторлар есебінен бірқатар нысанды тұрғызу жоспарланған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бүгінде қытайлық екі жоба бойынша серіктестермен келіссөздер белсенді жүргізілуде. Мысалы, Шандун провинциясындаға “КАТ” СУЮЧЖОУ КАЙЕР компаниясы өкілдері біздің аймаққа танысу сапарымен келіп, көңілдері толды. Ауылшаруашылық машиналарын шығаратын кәсіпорынның құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады деп жоспарланған. Инвестициялардың болжамды сомасы – 7 млрд.теңге, 150 жұмыс орны құрылады. Жобаның қуаттылығы – 1000 бірлікке дейін.

Ал Цзянсу провинциясының Сючжоу қаласындағы “Xuzhou Construction Machinery Group” трансұлттық концерні жол-құрылыс және коммуналдық техниканы құрастыру жобасын іске асыруды қарастыруда. Жобаның бастамашысы – Қазақстан Үкіметі. Инвестициялардың болжамды сомасы – 3 млрд.теңге, 60 жұмыс орны құрылады. Жобаның қуаттылығы – жылына 300 бірлікке дейін.

“Сондай-ақ, біз Ресеймен 3 жобаны пысықтап жатырмыз, олардың құжаттар пакеті АЭА қызметінің басым түрлерінің тізбесін қарау және енгізу үшін өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жіберілді”, – деді АЭА басқарушы компаниясы басшысының м. а. Дулат Шарапиденов

Бүгінгі таңда экономикалық аймақтың орналасу тартымдылығын ескере отырып, жаңа инвесторларды тарту және  “Орбита” филиалының бұрынғы аумағын, сонымен қатар қаладағы бір зауыттың бос тұрған аумағын қосу есебінен АЭА-ны кеңейту мәселесі туындайды.

“Мұнда біз қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіліп жатқан КХР мен Еуропадан келген инвесторларды орналастыра аламыз. Негізгі артықшылығы – бұл аумақтар ішінара қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бұл бюджетке түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетеді”, – деді Дулат Шарапиденов.

Жаңа өндірістердің ашылуымен мынандай сұрақ туындайды: онда кім жұмыс істейді? Жыл соңына дейін “Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын” құру ұсынылады. Оған әкімдіктің мүдделі құрылымдары мен білім беру басқармасы, университет, колледждер мен қала кәсіпорындары кіруі тиіс.

“Ұсыныс ретінде айтсам, орта білім беру саласында дуальды оқыту тәжірибесі бар және АЭА аумағында жобаны іске асырып жатқан инвестормен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесін қарастыру қажет. Бұл біздің кәсіпорын өкілдеріне шетелде тағылымдамадан өтуге және техникалық кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және техникалық мамандықтардың тартымдылығын күшейтеді”, – деді АЭА басқарушы компаниясы басшысының м.а. Дулат Шарапиденов.

 

 

 

Shares