Қызылжар ауданындағы 3 ауылдың тұрғындары гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етіледі
Барнёвка, Долматово және Большая Малышка. Қызылжар ауданының бұл ауылдары су тасқынынан зардап шекті. Жергілікті тұрғындар мемлекеттік қолдаудың барлық шараларымен қамтылған. Бүгінде тұрғындар гуманитарлық көмек алуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Аталған ауылдардың тұрғындарына гуманитарлық көмек таратамыз. Бұл жұмысты тез әрі сапалы жүргізу үшін еріктілердің арнайы тобы құрылды”, – деді Қызылжар аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Самат Есмағи.
Макарон, қарақұмық, май, балалар тағамы, жаялықтар, басқа да өнімдер мен үй заттары. Ыңғайлы болу үшін жиынтық қораптарға салынады. Гумкөмек тізімдерге сәйкес бөлінеді.
“Бізге қалада да, Бескөлде де көмектесті. Ешқандай шағым айта алмаймын, осының бәрін ұйымдастырып жатқан жандарға “Жарайсыңдар” дегім келеді!”,- деп атап өтті Большая Малышка ауылының тұрғыны Александр Киселёв.
Қоса кетейік, Қызылжар ауданының 3 ауылында 400-ге жуық үй су тасқынынан зардап шекті.