СҚО әкімі Эстония елшісімен кездесті
November 13, 2024 11:00

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Эстонияның Қазақстандағы елшісі Яап Орамен кездесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланып, елдеріміз арасындағы әріптестікті дамыту жөнінде пікірлермен алмасты. Облысты Эстонияның цифрландыру және инновация саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері қызықтырады. Сонымен қатар, эстониялық теңіз портының халықаралық сауда мен елдеріміз арасындағы көлік логистикасын дамыту бағытындағы мүмкіндіктері талқыланды.
