Роботехника бойынша халықаралық жарысқа қатысқан СҚО-лық оқушы-чемпион өңірге оралды
Петропавлға дарынды мектеп оқушыларының командасы оралды, олар робототехника бойынша өткен «Red Fest» атты халықаралық жарыста өз күштерін сынады. Зияткерлік сайыс Астанада 27-28 қазан аралығында ұйымдастырылды. Қуанышты хабар, М.Жұмабаев ауданындағы Батыр Баян мектебінің 13 жасар оқушысы Жандос Тілағанов «Робосумо DIY» санатында Қазақстанның абсолютті чемпионы деп танылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Маған жеңіс әкелген роботты көптен бері жинадым, достарым маған көп көмектесті. Менің қарсыластарым өте мықты болды. Нәтижелерге қанағаттанамын, өйткені бір жыл ғана роботехникамен айналысамын”, – деді М.Жұмабаев ауданындағы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Жандос Тілағанов.
Елордадағы «Red Fest» Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерден келген оқушылар мен педагогтарды жинады. Фестиваль бағдарламасына жарыстар мен шеберлік сабақтары кірді.
“Өткен жылы облыстық кезеңде жеңіске жеттік, солай республикалық, одан әрі халықаралық жарыстарға қатысу құқығына ие болдық. Жандос айтулы жарыстың жүлдегері атанды. Оның нәтижесінің артында командалық жұмыс тұр. Үйірмелерде біздің чемпион сияқты 10-15 бала айналысады. СҚО-дан 5 адам барды, біз жарысқа екі санат бойынша қатыстық. Командада жүлделі орындарға үміттенген қыздарымыз болды, бірақ бұл жолы жеңес бұйырмады”, – деді М.Жұмабаев ауданындағы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы робототехника үйірмесінің жетекшісі Сергей Суханов.