Санитариялық дәрігерлер қала тұрғындарына жаңа жылдық мерекені қауіпсіз өткізуге қатысты ұсыныстар берді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова жаңа жылдық мерекелер кезінде тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтып берді. Маман қала және облыс тұрғындарына практикалық кеңес берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Дүкендерден, ресми базарлардан немесе сауда орталықтарынан өнімді сатып алғанда, өнімнің жарамдылық мерзіміне, сыртқы түріне, иісіне, сақтау жағдайына, нысанның санитариялық жағдайына назар аударыңыз. Рұқсат етілмеген сауда орындарында кездейсоқ адамдардан азық-түлік өнімдерін сатып алудан аулақ болыңыз», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.
Дәрігерлердің айтуынша, ең үлкен қауіп төндіретін өнімдер олар құс етінен жасалған дайын тағамдар, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез және қаймақ қосылған салаттар. СЭБД мамандары қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады.
«Үйде мерекелік дастарханды дайындағанда, ең алдымен қолдарыңыздың, құрал-жабдықтардың, ас үй ыдыстары мен үй-жайлардың тазалығына көз жеткізіңіз. Шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз. Оларды өңдеу үшін бөлек пышақтар мен кесу тақталарын пайдаланыңыз. Дайындалған тағам тағы бір күнге қалдырылса, оны тұтыну алдында термиялық өңдеу қажет. Дұрыс температуралық жағдайларды сақтау және қуыру, қайнату ет, құс, жұмыртқа, теңіз өнімдері және мерекелік тағамдарға арналған басқа ингредиенттер үшін қажетті уақытты сақтау маңызды. Зиянды микробтарды жоятын термиялық өңдеу екенін білесіздер», – дейді Татьяна Горлова.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары салаттар, винегреттер мен туралған ингредиенттер еш қоспасыз (4±2) °C температурада алты сағаттай ғана сақталатынын айтты. Мұндай тағамдарды тамақтанар алдында дәмдеу ұсынылады.