Сергеев су қоймасындағы судың тасу деңгейі 22 наурыз, сағат 08:00-де – 75 см
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазгидромет» филиалының мәліметінше, 22 наурыз күні сағат 08:00-де Сергеев су қоймасындағы судың тасу деңгейі 75 см-ге жетті, деп хабарлайды QZ News.
Су қоймасының жалпы көлемі 784 миллион текше метр, ал су деңгейі 875 см-ді құрап отыр.
«22-26 наурыз аралығында өзендердің жоғары бөліктерінен, егістік алқаптары мен сай-жыралардан еріген қар суының келуімен байланысты Солтүстік Қазақстан облысында мұздың еруі күшейіп, өзендердегі су деңгейі ары қарай көтерілуі мүмкін. Соның салдарынан өзендердің тасуы, автожолдардың су басуы, елді мекендер мен тұрғын үйлердің, шаруашылық нысандарының су астында қалу қаупі бар», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» СҚОФ.