«Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы
20-31 желтоқсан аралығында СҚО аумағында «Шырша» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Өңірде рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жедел алдын алу іс-шарасы жаңа жыл қарсаңында жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуді, сатып алуды, тасымалдауды және сатуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
«Жыл басынан бері ПД ЖПҚБ қызметкерлері заңсыз қайыңды кесудің 1 фактісін анықтады, онда 1 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 2-бөлігі «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген СҚО ПД хабарламасында.