Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СКО-да мопедке алғашқы мемлекеттік нөмір берілді

СКО-да мопедке алғашқы мемлекеттік нөмір берілді

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында мопед жүргізушілерін қағып кетудің 8 оқиғасы тіркеліп, олардың кінәсінен 16 жол көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 20 адам жарақат алды. Сонымен қатар, апатқа ұшыраған 13 мопед жүргізушісі кәмелетке толмағандар болған, деп хабарлайды QZ News.

Полиция қызметкерлері 2015 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалану тек олардың тіркелуі және А1, А санаттары бойынша жүргізуші куәлігінің болуы жағдайында ғана рұқсат етілетіндігін еске салады.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мопед Tank-ті тіркеуге өтініш берген М.Жұмабаев ауданының Булаев қаласының 35 жастағы тұрғынына алғашқы мемлекеттік нөмірді берді.

Полиция өкілдері мопед иелерін тіркеуді соңғы күндерге қалдырмауды сұрайды, қажет болған жағдайда — уақытында автомектепте оқып, қажетті санаттағы жүргізуші куәлігін алуға шақырады. Мопедтерді тіркеу үшін МХҚКО келесі мекенжай бойынша жүгінуге болады: Петропавл қаласы, Нефтепроводная көшесі, 7. Кеңес алу үшін жұмыс күндері 09:00-18:30 аралығында келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7152) 32-00-19, 8 (7152) 32-00-22. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ақпарат алуға болады.

Shares