Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ су тасқынының салдарын жоюды жалғастыруда

“Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ су тасқынының салдарын жоюды жалғастыруда

Су тасқынынан кейін үйлеріне оралған тұрғындарды электрмен жабдықтаудың жоқтығы мәселесі толғандырады. Олар базыналарын “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ жеткізді. Өз кезегінде компания келіп түскен барлық қоңырауды диспетчерлік қызмет тіркейтінін айтты. Бірде-бір хабарлама назардан тыс қалмайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біздің апаттық-қалпына келтіру бригадалары электр қуатын мүмкіндігінше тезірек қуатсыз жерлерге жеткізу үшін барлығын жасауда. Қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді, әлі облыстың кей жерінде су тұрғандықтан, жабдықтарға жету мүмкін емес, жабдықтың бір бөлігі су астында қалды, ал су мен электр қуаты бір-біріне сәйкес келмейді”, – делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Электр беру желілерінің құрылысы жүргізілуде. Шал ақын ауданында жаңа ЖЖ-10 кВ тұрғызылды, Қызылжар ауданында “Леденево-Боголюбово” желісі бойынша жабдықтау қалпына келтірілді. Қалада және облыстың кейбір ауылдарында дизельді генераторлар жұмыс істеп тұр. Компания су тасқынының салдарын жою үшін барлық қажетті заттарға ие

Shares