Солтүстік Қазақстан облысында ірі қара мен жылқы терісінен 300 тонна протеині жоғары жемдік қоспалар өндірілді
«СК Протеин» ЖШС ірі қара және жылқы терісінен протеині жоғары жемшөп қоспаларын өндіру жобасын сәтті жүзеге асырды. Қозыбаев университетімен және «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтастық аясында компания 350 млн теңге көлемінде грант алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Жоба Шикізат өңдеу қуаттылығы жылына 5,4 мың тонна 2,4 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарады. 2024 жылдың 11 айында 675 тонна тері өңделіп, 300 тонна протеин өндірілді. Жануарлардан алынатын азықтық қоспада протеин мөлшері жоғары. Ол жоғары сапалы жем өндірісінде қолданылады, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың, өнімсіз жануарлардың және балықтың рационына тікелей қосу үшін қолданылады», – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өнімді «Алматы технологиялық университеті» АҚ зерттеген және оның құрамында ГМО жоқ.