Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушілердің кесірінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алды

Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушілердің кесірінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алды

Өткен демалыс күндері полицейлер Петропавл қаласы мен облыс жолдарында көлікті мас күйінде жүргізген 10 жүргізушіні анықтады. Олардың барлығы әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырлады , деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Облыс орталығының орталық көшелерінің қиылысында ВАЗ-21070 көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші тоқтатылды. Тексеру кезінде ішімдіктің иісі шыққан, бірақ ол медициналық тексеруден бас тартқан.

«10 айда мас жүргізушінің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 1 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Көлікті мас күйінде жүргізу жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылады, мұндай фактілерді жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде», – дейді СҚО ПД ЖПҚ бастығының орынбасары Александр Розбах.

 

Shares