Солтүстік Қазақстан облысында орман қорын сақтау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
Петропавлда биыл ағашты терең өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды Кәсіпорын жылына 50 мың текше метрге дейін өнім шығаруды жоспарлап отыр. Астанада өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жаңа кәсіпорынның іске қосылуына орайоблыстың орман қорына әсер етпеуі үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Бізде 700 мың гектар орман алқабы бар. Оның 150 мың гектары Ұлттық саябақ аумағында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын көшет отырғызамыз. Былтырдан бері орман алқабымыз 320 гектарға ұлғайды. Үш жылдың ішінде біз 52 миллион, биыл 22 миллион гектар көшет отырғыздық. Тепе-теңдікті ескере отырып, Қазақстан Республикасында ғана емес, Ресей Федерациясында да табиғи шикізатты алу орман ресурстарын жоғалтуға әсер етпейді», – деп түсіндірді Ғауез Нұрмұхамбетов.