Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары жүргізушілерге ауа райының қолайсыз кезінде тас жолда қалай әрекет ету керектігін ескертті

Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары жүргізушілерге ауа райының қолайсыз кезінде тас жолда қалай әрекет ету керектігін ескертті

Суық ауа райы мен ауа температурасының өзгеруі кезінде жолдардағы жағдай қиындай түседі. Құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысының жүргізушілерін төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларын мұқият қадағалап, тас жолда жүргенде қырағы болуға шақырады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүргізушілерге қарлы ауа райында ерекше сақ болу керектігін ескертеді. Жолдың қиын учаскелерінде жылдамдықты азайту кажет. Боран, қатты жел немесе дауыл кезінде жолда қалсаңыз сабыр сақтап, ұсыныстарды орындау маңызды екенін еске салады.

«Егер жолды қар алып қалса, тоқтап тұра тұру керек. Жылдамдықты азайтып басқа көліктермен ара қашықтықты сақтап жүру керек. Фаралар мен авариялық дабылды қосуды ұмытпаңыз. Бұл басқа жүргізушілерге көрінуіңізді арттырады», – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қозғалуды жалғастыру мүмкін болмаса, қауіпсіз жер табу керек. Қауіпсіз жерде тоқтау керек, жол жиегіне шықпау маңызды. Аса қажет болмаса, көлікті тастап кетпеу керек. Сыртқа шығу қажет болса, жылы киім киіп, абайлап қозғалу керек. Жағдайыңызды хабарлау үшін көмек сұраңыз, жақын адамдарыңызға немесе төтенше жағдайлар қызметтеріне хабарласыңыз.

Shares