Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстікқазақстандыққа такси қызметін тиісті құжаттарсыз көрсеткені үшін 55 380 теңге айыппұл салынды

Солтүстікқазақстандыққа такси қызметін тиісті құжаттарсыз көрсеткені үшін 55 380 теңге айыппұл салынды

Есіл аудандық соты такси қызметін тиісті құжаттарсыз көрсеткен жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды QZ News.

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы «Volkswagen Passat» маркалы көлікті басқара отырып, жолаушылар мен жүкті тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған. Алайда, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және такси тасымалы қызметін бастағаны туралы жергілікті атқарушы органға хабарлама жібермеген.

«Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, Явленка ауылында жолаушы тасымалдағанын айтты. Кейін полиция қызметкерлері оны такси қызметін рұқсат құжаттарсыз көрсеткені үшін ұстаған. Мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібермеген», – деп мәлімдеді Есіл аудандық соты.

Сот істің материалдарын зерттеп, құқық бұзушының түсініктемесін тыңдап, оған 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.

Shares