Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО Айыртау ауданындағы демалыс базасына жақын маңда орманда өрт шықты

СҚО Айыртау ауданындағы демалыс базасына жақын маңда орманда өрт шықты

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы демалыс базасына жақын жерде орманда тұтанған өрт уақытында ауыздықталды, деп хабарлайды QZ News.

Орман төсемесінің жануы ТЖД күштері мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне себеп болды. Өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды. Таулы жер бедері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

«Құтқару бөлімшелері мен орман күзетінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт бастапқы кезеңінде сөндірілді. Мұндай жедел әрекет ету – оттың таралуына және ірі табиғи апаттың алдын алуда шешуші рөл атқарды», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Shares