Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 6 000-нан астам бала “Мектепке жол” акциясы аясында қаржылай көмек алды

СҚО-да 6 000-нан астам бала “Мектепке жол” акциясы аясында қаржылай көмек алды

1 тамыз күні елімізде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы басталды. Ол “Жақсылық жаса” ұранымен өтіп жатыр. Бүгінгі таңда өңірімізде әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 мыңға жуық оқушы ерекше назар аударуды талап етеді. 2024 жылға арналған бюджетте келсек, жалпы оқыту қорын іске асыруға 1 млрд 480 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Күн сайын ата-аналардан және заңды өкілдерден мектеп формасын, аяқ киім сатып алуға көмек көрсету туралы өтініштер түседі. Биылғы жылы “Жалпыға бірдей оқыту” қоры шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді. Осы жылдан бастап қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызметке айналды. Төлем мөлшері 43 407 теңгені құрайды. Жәрдемақы төлеу балалардың 5 санаты бойынша жүзеге асырылады. Жәрдемақы алатын ата-аналар қаражат алған күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде мектепке қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет”, – деді СҚО әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.

Сұхбат барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары жалпы сомасы 281,6 млн теңгеге 6 498 бала төлем алғанын атап өтті.

“Биылғы су тасқынына байланысты “төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар” санатындағы ұл-қыздар саны өсті. Мектепке табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру туралы өтініш пен актіні ұсынған кезде балаларға тегін ыстық тамақ беру және киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін біржолғы жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады”, – деп атап өтті Татьяна Протопопова.

Shares