Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, 5 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 14-30-дан жолдардың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Желдің күшеюіне, боранға және көрінудің шектелуіне байланысты келесі бағыттар бойынша жол учаскелері жабылды:

  1. М-36 “Екатеринбург-Алматы” 729-856 км (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
  2. А-16 “Жезқазған-Петропавл” 595-882 км (Ақмола облысының шекарасынан Явленка ауылына дейін);
  3. Р-60 “Волошинка-Сергеевка-Тимирязево” 0-119 км (Волошинка селосынан Тимирязев селосына дейін);
  4. Р-61 “Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы” 0-31 км (Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейін). Көлік құралдарының барлық түрлері үшін жабылды. Қорытынды: республикалық маңызы бар 4 жол және облыстық маңызы бар 2 жол жабылды.

Осылайша, барлығы республикалық маңызы бар 4 автожол және облыстық маңызы бар 7 автожол жабылды.

Shares