Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

2025 жылдың 17 ақпанында сағат 15:00-де ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарлады, деп жазады QZ News.

Солтүстік Қазақстан облысында келесі жолдар жабылды:

  • «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 794-946 км (Бескөл ауылынан – Сергеевка қаласына дейін);
  • «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 729-856 км (Ақмола облысы мен Қостанай облысы шекарасы);
  • «Мамлютка-Қостанай» автожолының 0-180 км (Мамлютка қаласы мен Қостанай облысы шекарасы);
  • «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 58-119 км (Тимирязево ауылынан KAZ13 автожолына дейін);
  • «Тимирязево-Сарыкөл- шекарасы» автожолының 0-32 км (Қостанай облысы мен Тимирязево ауылына дейін).

Жолдың ашылуы болжам бойынша 2025 жылдың 18 ақпанында сағат 09:00-ге жоспарланған.

Shares