Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауыл тұрғындары үшін 38 денсаулық сақтау нысаны салынуда

СҚО-да ауыл тұрғындары үшін 38 денсаулық сақтау нысаны салынуда

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы 8 медициналық нысан салынды, 2024 жылы тағы 38 нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Сондай-ақ, Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында емхананың құрылысы жалғасуда. Аймақта санитарлық автокөлік паркі де жаңартылуда, аудандық ауруханалар 9 санитарлық машина алды. Ауылдық мекемелерді медициналық жабдықтармен толық жарақтандыруға 5,2 млрд. теңге бөлінді.

Облыс аудандарындағы аурухана инфрақұрылымының тозуына келетін болсақ, бүгінде бұл көрсеткіш 74,9%-ды құрайды.

Shares