Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да балаларды қызылшаға қарсы белсенді егу басталды

СҚО-да балаларды қызылшаға қарсы белсенді егу басталды

Қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты елде қызылшаға қарсы вакцинация жалғасуда. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам жағдай тіркелді. ҚР бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысымен жұқтыру қаупі жоғары халықты қосымша жаппай иммундау науқаны жарияланды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қызылшаға қарсы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі. Алғашқы егу 1 жасар балаларға жасалады. Екінші рет процедура 6 жасында жүзеге асырылады. №1 қалалық емхананың балалар бөлімінде 6 қарашадан 6 айдан жоғары, ал 2024 жылғы 5 желтоқсаннан қаңтарға дейін 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды егу басталды.

“Қызылша – инфекция. Егер біз профилактикалық екпені алсақ, уақытында иммундалсақ, бұл инфекциямен ауырмаймыз. Сондықтан, біз бәрін вакцинацияға шақырамыз, өзімізді сау ұстау үшін және балалар сау болу үшін екпе алу керек. 77 адам егілді, бұл – біз жоспарлағандардың 30%”,- деп атап өтті жоғары санатты эпидемиолог-дәрігер Светлана Давыдова.

Shares