Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да фермер жоқ су қоймасына байланысты ТСФ жобасын қайта құрмақ

СҚО-да фермер жоқ су қоймасына байланысты ТСФ жобасын қайта құрмақ

Петропавлдағы облыстық “Атамекен” КП алаңында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Отырыста бірнеше мәселе талқыланды. Біріншісі бірнеше аудандық автомектеп өкілдерінен жолданып отыр.

“Шал ақын және Мамлют аудандарында орналасқан автомектептердің сарапшылары жүгінді. Олардың түлектері теориялық емтиханды аудан орталықтарында тапсыра алмайды. Петропавлға жету оңай емес. Қолданыстағы заңнамада ХҚКО-ның аудандық бөлімшелерінде емтихан сыныптарын құруға жол берілетіні көзделген. Өткен кеңесте Жамбыл ауданындағы Пресновкаға қатысты мәселе талқыланды. Алайда, онда емтихан сыныбы бар”, – деп түсіндірді кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Шыңғыс Жылқыбаев.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бұл мәселе аудандық автомектеп оқушыларының пайдасына шешілетініне сенімді.  Сонымен қатар, “Атамекен” облыстық мамандандырылған ХҚКО өкілдеріне ұйымның бас өкілдігімен аудан орталықтарында теориялық емтиханды қашықтықтан тапсыруды ұйымдастыруды ұсынды. Кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста ТСФ құрылысына байланысты да мәселе қаралды.

“Аққайың ауданында ТСФ құрылысының жобасын іске асырудамыз. Карта ферманың жанында көл бар екенін көрсетеді, бірақ іс жүзінде ол жоқ. Көктемде еріген су сол жерде жиналады, жазда буланып кетеді. Біз су айдынын жобада көрсеттік”, – деді “Гагарино” ЖШС директорының орынбасары Марат Қарымсақов.

Фермер сараптама үшін облыстық экология департаментіне жүгінді, департамент тарапынан көршілес су айдынында су қорғау белдеулері мен аймақтарын орнату туралы талап айтылды. Отырыста кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл ЖАО-ның жауапкершілігі екенін баса айтты. Сонымен қатар, ресми түрде су қоймасы жоқ екені белгілі болды. КП өкілдері “Гагарино” ЖШС директорының орынбасарынан ферма жобасын қайта құруды, одан су қоймасын алып тастауды және құжаттарды облыстық экология департаментіне ұсынуды сұрады.

 

Shares