Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да инсульт диагнозымен 161 адам емделіп шықты

СҚО-да инсульт диагнозымен 161 адам емделіп шықты

Жыл басынан бері облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында инсультдиагнозы қойылған 161 адамға ем-дом көрсетілді. Бұл мақсатқа МӘМСшеңберінде 75 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды, деп хабарлайды QZ News.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста өткен жылдың ұқсаскезеңімен салыстырғанда 15 адамға өсім байқалады. 2024 жылы инсультдиагнозымен 146 адам қажетті медициналық көмек алса, биыл олардың саны161 науқасты құрады.

“Инсульт науқастың мүгедектігіне жиі ықпал ететін ми қанайналымының жедел бұзылуы. Уақытылы емделмесе, патология мидыңжұмысын айтарлықтай бұзып, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы диагнозыбар науқастар МӘМС аясында ем қабылдай алады. Өткен жылдың 12 айыішінде 2035 науқас емделді. Осы мақсатқа 769 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды”, дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚСҚОФ директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.

МӘМС шеңберінде инсультпен науқастар өңірдің 3 медициналықұйымында сапалы медициналық көмек ала алады. Олардың қатарында,Тайынша аудандық ауруханасы, көпбейінді облыстық және көпбейінді қалалық ауруханалар бар.

Биыл көпбейінді облыстық аурухананың инсульт орталығында мұндай диагноз 77 адамға қойылды. МӘМС жүйесі бойынша оларға жоспарлымедициналық көмек көрсетілді.

Инсульт алған адамдарда сөйлеу қабілеті мен жұту рефлексібұзылады. Айта кету керек, сөйлеу бұл адамның ең жоғары психикалықфункциясы. Оны қалпына келтіру күрделі және ұзақ процесс. Біз пациенттіоңалту аясында осы функцияны қалпына келтіру үшін жұмыс істепжатырмыз. Зақымдану ошағына байланысты сөйлеу 6 айдан бір жылға дейінқалыпқ келуі мүмкін”, деп түсіндірді көпбейінді облыстық аурахананыңинсульт орталығының медициналық логопеді Евгения Зенченко.

Shares