СҚО-да МӘМС аясында көзге 3 мыңнан астам ота жасалды
Көз адамның маңызды сезім мүшесі болып табылады, көру арқылы біз қоршаған әлемнен ақпараттың 90% -дан астамын аламыз. Біздің есте сақтауымыздың 80% біз көрген нәрселермен анықталады. Міндетті медициналық сақтандыру аясында облыста жыл басынан бері көзге 3342 ота жасалған. «Көз орталығы – Айна-көз» жеке клиникасының мәліметі бойынша 2024 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа көрсетілетін медициналық қызмет көлемі артып, 1606 операцияға 414 млн 548 877 теңгені құрады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Біздің орталыққа күніне орта есеппен 50-ден 70-ке дейін науқас келеді. Сапалы мамандандырылған медициналық көмектің өсуіне міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің үйлесімді жұмысы ықпал етуде», – дейді офтальмолог-микрохирург Сергей Бородкин.
Жыл басынан бері «Есіл-Диагностик» офтальмологиялық орталығында міндетті медициналық сақтандыру аясында 553 млн 372 мың теңгеге 1736 адамға ота жасалды.
Облыс орталығының тұрғыны Нина Жилцова зейнеткер. Ол дәрігердің жолдамасыбойынша облыстағы сақтандырылған науқастарды міндетті медициналық сақтандыруаясында көру қабілетін жақсарту операцияларын жасауға болатынын жақсы біледі.
«Мен екінші қалалық емханада тіркеуде тұрмын. Мені көзге операция жасау үшін порталға қойды. Кезегім келгенде жеке емханада ота жасадым. Менде катаракта болды, хрустальді ауыстырды. Енді сол операцияны екінші көзіме де жасатпақшымын. Өте жылдам және уақтылы. Мұның бәрі МӘМС жүйесіндегі статусымның арқасында», – дейді Нина Жилцова
Офтальмологтардың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көлемінің өсуіне қарамастан, пациенттердің көру қабілетінің бұзылуына қатысты өтініштерінің саны артып келеді. Бұл облыстың ересек тұрғындарының да, жас тұрғындарының да көру қабілетінің нашарлауына байланысты. Барлығының себебі бір – компьютер мен смартфонға көп уақыт жұмсау. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде ауруханаға жатқызу бюросының порталында ота жасауға кезекте 542 адам тұр.