Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да мемлекет есебінен кәсіп ашуға болады

СҚО-да мемлекет есебінен кәсіп ашуға болады

Мемлекет мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы отандық өндірісті дамытуды жүйелі түрде ынталандыруды жалғастыруда. «Даму» қоры кәсіпкерлік субъектілеріне субсидиялар мен кепілдіктер беру, сондай-ақ республикалық бюджеттен мемлекет бөлетін қаражатты пайдалана отырып, серіктес ұйымдар арқылы жеңілдікті несиелендіру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бағдарламаларды таңдау мен жобаны жүзеге асыруға дейін қор барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Менеджерлер өтініш білдірген әрбір кәсіпкерге қадамдық іс-қимыл жоспарын ұсынады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау шараларын ұсынғаны үшін сыйақы беру заңсыз болып табылады.

«Даму» Қоры өз жұмысын бастағалы бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңгені құрайтын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті. Жобалардың сан алуандығы мемлекеттің барлық қызмет саласына, экономиканың барлық бағыттары мен секторларына үлкен көңіл бөлетінін көрсетеді. Десе де, отандық өндірушілерге, ІТ-технологияларды әзірлеушілерге, аграрлық және ауыл шаруашылығы салаларына, медицинаға, білім беруге және басқаларға басымдық берілуде», – деп толықтырды қор өкілдері.

Shares