Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да өнеркәсіптік қазандықтар мен жылутехникалық қондырғылар шығарылмақ

СҚО-да өнеркәсіптік қазандықтар мен жылутехникалық қондырғылар шығарылмақ

«Омбы инновациялық технологиялар зауыты» Солтүстік Қазақстан облысының аумағына өз жобасымен келуі әбден мүмкін, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин хабарлады.

«Омбы инновациялық технологиялар зауыты» ЖАҚ бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары Бахта Д.В-пен кездесу өткіздім. Кездесуге СҚО «Kazakh Invest», Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Қызылжар» АЭА және Петропавл әкімдігі басшылары қатысты», – деп жазды Әмрин.

Кездесуде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында маңызды жобаны жүзеге асыру жоспарлары мен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарықтары үшін өнеркәсіптік қазандықтар мен жылутехникасы жабдықтарын шығару жобасының келешегі туралы мәселе қаралды. Сонымен қатар, инвестор Қазақстандағы технологиялық және экологиялық саясатты реттеу мәселесін көтерді.

 

Shares