Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да оқушыларға 889,9 млн теңгеге 292 мыңнан астам оқулық сатып алынады

СҚО-да оқушыларға 889,9 млн теңгеге 292 мыңнан астам оқулық сатып алынады

2024 жылы СҚО-да оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге 889,9 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ӨКҚ брифингінде білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова айтып өткендей, оқулықтарды сатып алуға 694,7 млн теңге бөлінді. Көркем әдебиетке – 168 млн теңге, оқулықтарды жеткізуге – 27,2 млн теңге. Баспалармен 292 559 дана оқулық сатып алуға 155 шарт жасалды. Оқу жылы басталғанға дейін оқулықтарды толық жеткізу жүргізіледі.

Өңіріміздегі мектеп кітапханаларында 12 тамыздан ұлдар мен қыздарға оқулықтар беріле бастайды.

Shares