СҚО-да полицейлер ауыр жүк көлігінің жүргізушісін жол жиегінен шығаруға көмектесті
Тіркемесі бар «КАМАЗ» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен Бұл Жезқазған – Петропавл тас жолының 815 шақырымында, Шал ақынауданының Кеңес ауылына жақын жерде болған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіге жолға қайта шығуға көмектесті. Олар оны басқа жүк көлігімен шығарған. Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бұған дейін қараша айының соңында дәл осындай оқиға «Көкшетау – Рузаевка» тас жолының 102 шақырымында орын алған болатын. Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына жетпей «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі бұрылысқа өте алмай, жолдан шығып кеткен. Оған да полиция қызметкерлері жолға шығарып беруге көлік тауып берген болатын. Екі жағдайда да жүргізушілер зардап шеккен жоқ.