Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да профессор Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтойы аталып өтті

СҚО-да профессор Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтойы аталып өтті

Қозыбаев университінде «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры Қасия Кангужинаның мерейтойы өтті. Көпшілікке танымал ұстаз 75 жасқа толды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Азаматша университетте жарты ғасырға жуық еңбек етті. Ол лаборант қызметкерден дене шынықтыру факультетінің деканы лауазымына дейін көтерілді. Бүгінде Қасия Кангужина студенттерге сабақ береді, магистрлік және дипломдық жобаларды басқарады. Дене белсенділігінің адам ағзасына әсерін зерттеу бағытында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның басқаруымен 3 патент алынды, 200-ге жуық ғылыми еңбек жарық көрді.

Қасия Мурзахметқызын арнайы құттықтау үшін әріптестері, достары, шәкірттері жиналды. Олардың арасында танымал спортшылар, жаттықтырушылар, педагогтар, мемлекеттік қызметкерлер бар.

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы ДШС комитеті Ұлттық және Ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова бейне роликпен құттықтау жіберді. Бұлар – ұстаздың шәкірттері. Мерейтой иесіне игі дәстүр бойынша туған ЖОО-дан шапан жабылды және естелік сыйлықтар табысталды.

Shares